KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Аймақтағы діни бірлестіктерге ай сайын және тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі

13.12.2012, 18:00 122



Семейде қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің отырысы өтті. Үстіміздегі жылғы 25 қазанда Семей өңірі бойынша қайта тіркеуден 35 діни бірлестіктер өткен. Олардың ішінде 18 мешіт, 4 православие шіркеуі, 2 католик приходы, 10 протестанттық ағым өкілдері және 1 дәстүрлі емес діни бірлестік бар., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйеніп.


Жиын барысында қала әкімі А.Кәрімов: «Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде өзінің мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасын өзінің тарихына, ұлттық мүдделеріне және өмір талаптарына сүйене қалыптастыруда. Бұл ретте елімізде басымдық дәстүрлі діндер жағында болуы керек, мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасындағы модель адамдардың еркіндігі мен құқығын құрметтеудегі демократиялық үрдістерге, қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігіне, өзара түсіністік пен қалыпты жағдайда бейбіт өмір сүруіне негізделген»-деді. Сондай-ақ, кеңесте Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын орындау мақсатында ішкі саясат бөлімі тарапынан аймақтағы діни ахуалды талдау және сараптау бағытында атқарылған жұмыстары талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері департаментінің директоры Мұхамеджанов Манарбек Әзімбекұлы аймақта қалыптасқан діни жағдай, облыс бойынша қайта тіркеуден өткен діни бірлестіктердің жұмысы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көрсетілген миссионерлік және экстремизм туралы қысқаша айтып өтті.

Кеңес отырысы қорытындысы бойынша ішкі саясат бөліміне аймақтағы діни бірлестіктер мен миссионерлерге ай сайын және тоқсан сайын мониторинг жүргізуді жалғастыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында дін және рухани мәдениет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив