KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Ұланда әкелер форумын өткізу дәстүрге айналды

19.05.2013, 18:00 166


Ұлан ауданындағы Гагарин орта мектебінде екінші аудандық әкелер форумы өтіп, оған 10 мектеп қатысты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараға арнайы шақырылған әкелерді мектеп оқушылары аса құрметпен қарсы алып, өлеңдер оқыды, ұлдар тамылжытып ән шырқаса, қыздар тобы мың бұрала би биледі. Форумның «Біздің де айтарымыз бар...» атты дөңгелек үстел отырысында И.Гаджиев, Б.Қабылов, П.Щур, Е.Арынғалин, С.Бестембаев өз мектептеріндегі әкелер кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, шарада бала тәрбиелеудегі әкелердің рөлі туралы сөз болып, пікірталас және психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар «Мінсіз әке» жобасын қорғау бойынша шағын топтарда жұмыс істеген соң оларға талдамалық бейнематериалдар ұсынылды.

Өте тартымды өткен форум соңында әр шақырылушыға «Нағыз ата-ана кодексі» мен «Әкелерге арналған жадынама» таратылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив