KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті

16.05.2013, 18:00 195


Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті. Қаладағы №3 көпбейінді мектеп-гимназияда басталған шара аясында дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер мен шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесу болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ата-аналармен кездесуде аймақ башсысы жастардың білімді болып өсуі үшін жыл сайын бөлінетін қаражат пен игіліктерден де нақты ақпарат беріп, ол қаржы өңір мектептерін заманауи құрал-жабдықтармен, қамтуға жұмсалып жатқанынан хабардар етті.

Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өттіӨңірдің білім саласындағы түйткілді мәселелерді сөз еткен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жиынға қатысушылар мен интерактивті байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Облыс әкімі өз сөзінде келешекте Өскемендегі сегіз қазақ мектебі тағы да екі білім ошағымен толығатынын тілге тиек етті.

Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті
Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті

Кездесуде сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамту, мектеп қабырғасында оқушыларға ұялы телефон ұстауға рұқсат бермеу, мектеп бітіруші түлектердің балын өткізу, балалардың жазғы демалысын өткізетін лагерлер және мәдени орталықтар ашу, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, шағын комплектілі мектептердің жағдайы, интернаттар ашу, балаларды тасымалдап оқыту, он екі жылдық білім беруге дайындық сияқты мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтан оқыту бойынша нақты жұмыс жасалып жатқанын, «Мейірім» акциясы шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жасалып отырған көмектер туралы баяндап, облыстық білім басқармасының бұл тұрғыда әлі де көп мәселені шешуіне тура келетінін де көлденең тартты.

Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті
Өскемен қаласында елімізде алғаш рет ата-аналар қоғамдарының форумы өтті

Форумның соңына қарай марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі бір топ жандарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыстады. Олар: «Үздік отбасы» аталымы бойынша І дәрежелі дипломға ие болған күршімдік Нұрсадықовтар, жармалық Мәмбетниязовтар мен ұландық Жанымхандар (ІІ дәрежелі) және өскемендік Мусиновтар мен риддерлік Сафроновтар және бородулихалық Ақановтар отбасылары болса, абайлық Т.Ерболин, өскемендік Р.Асхабов пен Е.Курдюков, тарбағатайлық Б.Құнафин, зайсандық С.Уәлиев пен үржарлық С.Сәулеханов әртүрлі дәрежедегі «Үздік әке» дипломдарын иемденді. Ал «Үздік қамқоршы» және «Үздік патронат-тәрбиеші» атағына Ж.Атабаева, Г.Колоткина, Б.Қасымова, А.Нұрайханов, Ж.Желдібаева мен Жарма ауданынан келген Боранбаевтар әулеті ие болды.

Ел көлемінде біздің облысымызда алғаш рет өткен ерекше форум соңында облыстық ата-аналар кеңесі құрылып, форумға қатысушылардың үндеуі қабылданды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив