Самар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Оразәли Бекболат Астана қаласында қолданбалы өнерден өткен республикалық көрмеден бас жүлдемен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты қолданбалы-сәндік көркемөнер бойынша республикалық көрмеге 500 еңбекке тапсырыс беріліп, мыңнан артық жұмыс әкелініпті. Самар шығармашылық үйінің екі тәрбиеленушісі де осы сайысқа өздерінің жұмыстарын ұсынған болатын.
"Қазылардың шешімімен бас жүлдені иеленген бес баланың ішінде Оразәли Бекболаттың есімі аталғанда қуаныштан жүрегіміз жарыла жаздады. Ауылдың қарапайым шығармашылық үйінің оқушысы республикалық сайыста бас жүлде алуы шынымен-ақ өте үлкен жетістік", – дейді жеңімпаздың жетекшісі Л.Ситникова.
Эльмира Тайырқызы