KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Бородулихалық өнерпаздар «Ақ көгершін» VІІ халықаралық сайысының жүлдегерлері атанды

1.04.2013, 18:00 185


Бородулиха ауданындағы шығармашылық үйінің талантты жеткіншектері Астана қаласында өткен балалар шығармашылығының «Ақ көгершін» атты VІІ халықаралық сайысының жүлдегерлері атанды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған халықаралық сайысқа еліміздің барлық облыстары мен көршілес жатқан Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Азербайжан елдерінен 2000-нан аса жас өнерпаз қатысыпты.

Тартысты өнер сайысында мыңдаған өнерпаздардың ішінен 14 жасар жерлесіміз Жәнібек Ғазизов үшінші орынды иеленіп, Жәнібекті байқауға баптаған Қажымұхан Мағазбекұлы Үздік ұстаз ретінде марапатталды.

Ал Жезкент мектеп-лицейінің 6 -сынып оқушысы әнші Гүлнәр Боржикова және «Гранж» бишілер тобы байқау дипломанттары атанып, олардың жетекші ұстаздарына Алғыс хаттар тапсырылған.

«Бұл қуанышты хабарды бізге Астанадан шығармашылық үйінің директоры Лаура Оразғалиқызы хабарлады. Алыстан жақсы хабар алып, төбеміз көкке жетердей көңіл- күй кешудеміз және бородулихалық жерлестерімізбен осынау үлкен қуанышымызбен бөлісуге асықпыз» дейді шығармашылық үйі директорының орынбасары Ж.Далабаева .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив