KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Үржарлық оқушылар Алматыдан жүлдемен оралды

18.04.2013, 18:00 185


Үржардағы Абай атындағы орта мектеп-лицейінің үш оқушысы Алматыда өткен V республикалық байқаудан жүлдемен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндер бойынша «Жырлайды жүрек» деген атаумен өткен сайыстан маңдайлары жарқырап оралғандар – мектептің бастауыш сынып оқушылары Аяулым Тұрсынова, Айым Тұрсынова және Малика Асылбекқызы. Олардың үшеуі де арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал жас өрендердің мұғалімдері Гүлдана Әмірханова мен Шолпан Сандыбаева алғыс хатқа ие болды.

Гүлдана Әмірханова 1982 жылдан бері бастауыш сыныптарға сабақ беріп келеді, 2006 жылы «Жыл мұғалімі» атанған. Ал 21 жыл осы салада тер төгіп келе жатқан Шолпан Сандыбаева болса, 2011 жылы бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Жыл мұғалімі» байқауында 2-орын иеленген болатын.

Берікхан Тайжігіт

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив