KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Жас суретші республикалық кезеңге жолдама алды

30.03.2018, 05:35 155

Өскеменде Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат...» атты облыстық сурет, плакат және фотолар байқауы болды.


– Қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл байқауға 38 жұмыс келіп түсті. Үздіктерді анықтау оңайға соқпады. Десе де, бұл байқаудың түпкілікті мақсаты жүлде үшін таластыру емес, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту еді. Өз тарапымыздан жарысқа қолдау көрсеткен өндіріс орындары мен мемлекеттік емес ұйымдарға алғыс білдіреміз, – деді облыстық Экология департаментінің жетекшісі Дмитрий Каврагин.

Жарыстың жеңімпазы Константин Крыжановский есімді №8 Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі болды. Ол байқаудың маусым айында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив