KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Қазақстанның шенеуніктері отандық көліктерге отыра бастады

2.05.2013, 18:00 122


Шенеуніктер отандық көліктермен жүретін болды. Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің сөзіне сенсек, шенеуніктерге арнап 11 миллиард теңгеге отандық автокөліктер сатып алынған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Қазірде менің әріптестерімнің көпшілігі, соның ішінде өңірлерде де отандық мәшинелерді мініп жүр. Биыл 11 миллиард теңгеге өзімізде құрастырылған көліктерді сатып алдық", – деген министр бүгінде ұлттық компаниялар отандық темір тұлпарларды белсенді сатып алып жатқанын айтты.

Естеріңізге салайық, Әсет Исекешев шенеуніктердің ішінде бірінші болып өзімізде өндірілген автокөліктерге отырған-ды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив