KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Инвестицияны алдымен икемдеген Шығыс болды

23.02.2012, 18:00 131


Ел Президентінің Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында аймағы-мызға ақпараттық-насихаттық топ келді. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Астанадан арнайы келген мәртебелі меймандар Индустрия және жаңа технология-лар министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Асқар Мамин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов және жергі-лікті бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.
Алқалы отырыстың арқауы – Жолдауда көрсетілген он бағыт бойынша атқарылатын іс-жоспарлар, мақсат-міндеттер. Жиналысты ашқан өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВ еліміздің дамуы үшін аса қажетті стратегиялық құнды құжатты облыс аумағында насихаттау, жан-жақты түсіндіру жұмыстары өткен айдың соңынан, яғни, Президент Жолдауы жолданған күннен бастап қызу жүргізіліп жатқандығын мәлім етті. Дерекке сүйенсек, бұл бағытта жалпы саны 1200 адамнан асатын 52 ақпараттық-насихат тобы іске кіріскен.
Бұдан кейін сөз тізгінін министр Әсет Исекешев алды. Алдымен ол биылғы Жолдаудың негізгі тарауларына қысқаша тоқталып өтті де, артынша Шығыс Қазақстан өндіріс орындары молынан шоғырланған аймақтардың біріне саналғандықтан әңгіме ауанын индустриялды-инновациялық даму тақырыбына ойыстырды.
– Біздің еліміз Кедендік одақтың құрамында, енді дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке енуді көздеп отыр. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті жүргізуге талап күшейді, инвестиция тартуға, адам капиталын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Мынаны ұмытпауымыз керек, қай жерде инвестицияға дұрыс жағдай жасалса, сол жерде бизнес өркендейді. Оған қоса жыл өткен сайын бәсекелестік те күшейіп барады, ендеше, атқарылатын жұмыс пен қызмет түрлерінің сапасын арттыру керек, – деп нақтылаған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев индустриялды-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда Шығыс өңірі рес-публика көлемінде көш бастап тұрғандығын тілге тиек етті.
Министрдің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы негізгі капиталға
инвестиция тарту көлемі облысымызда 155 пайызды құраса, өңірлік ішкі өнімдегі
өңдеуші кәсіпорындардың үлесі 23,5 пайыз-ға жеткен. Ауыз толтырып мақтанатындай нәтиже бұл.
Мемлекет басшысының өз Жолдауын-да өңірлерді өркендетуге салмақ салып отырғанын ескерсек, өндіріс орындарын индустрияландыру және жаңғырту жұмыстарын одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Бұл орайда Әсет Исекешев «Қазцинк» ЖШС-нің кәсіпорынды жаңғыр-ту бағдарламасын мысалға келтірді. Өнді-
ріс тиімділігін жоғарылатумен қатар атал-ған өнеркәсіп қабырғасында әлеуметтік, экологиялық мәселелердің де шешіліп жатқандығын қуанышпен айтты.
Әсіресе, келешегі жарқын Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын және Өскемен қаласында жылдық қуаты 120 мың жеңіл автокөлікті құрайтын жаңадан машина құрастыру зауытын салу сияқты жобалардың ел экономикасына қосар үлесі ауқымды екенін атап өткен министр бұл мәселеде Үкімет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Ғылым мен технологияны пайдалану тұрғысында да сіздердің облыс алдыңғы қатардан көрініп жүр. Мәселен, Өскеменде «Алтай» технопаркі, инновациялық орталық жұмыс істейді. Дей тұрғанмен, кейінгі уақытта технопарк өз мүмкіндігін толық пайдаланбай отырған сияқты. Осы арада техникалық және өзге де жоғары оқу орындарының күшін біріктірсе, инновациялық орталықтың қызметін одан әрі дамытуға болады. «Бизнес және ғылым» деген арнайы бағдарлама жасалып жатыр, осыған сіздердің облыстың ғалымдары мен кәсіпкерлерін қатыстыру қажет. Сол сияқты қуат көздерін үнемдеуді арттыру бағдарламаларын орындауда да бизнес өкілдерінің белсене атсалысқандары дұрыс, – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, министр геологиялық барлау жұмыстарын жолға қою, табиғи байлықтарды тиімді игеру, жекелеген өндіріс ошақтарын ашу, туризм саласын дамыту тәрізді бүгінгі күннің өткір мәселелерін қозғады. Көрген адамның таңдайын қақтырған тамаша табиғаты бар Шығысты туризмнің ошағына айналдыру алдағы күннің еншісінде тұрған басты міндеттердің бірі деп түсіндіре келе ол үшін мемлекеттен
қаржылай қолдау көрсетілетіндігін жасырмады.
Еуропа елдерінің тізесін қалты-ратқан дағдарыс салдарына аз-кем тоқталып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі күні республикада әлеуметтік проблема-
лардың оң шешім тауып жатқанды-ғын мақтанышпен баян етті.
Соның ішінде инфляцияны тежеу, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, халықты еңбекпен қамту жағдайы Шығыста жоғары деңгейде іске асырылып отырғанын айтты.
– Сіздердің облыстағы тұ-тынушылар бағасының индексі республикалық орташа көрсеткіш-тен – 0,3 пайызға жоғары тұр. Бұл өзінен-өзі қалыптасқан жағдай емес, облыс басшылығының дұрыс жүргізген жұмысының нәтижесі деп білем. Ең бірінші кезекте мен тұрақтындыру қорына бөлінген жарты миллиард теңге қаржының маңыздылығын айтар едім. Оған қоса барлығы 650-ге жуық ауыл- шаруашылық жәрмеңкесінің өткізі-
луі, ірі өндіруші кәсіпорындармен көптеген меморандумдарға қол қойылуы, мұның бәрі халықтың әл-
еуметтік тұрмысын жақсарту мақсатында қолға алынған шаруалар екені даусыз, – деген Ералы Тоғжанов жүзден аса ұлттардың өкілдері тұратын Шығыс өңірінде татулық пен тұрақтылықтың салтанат құрғандығын ақтарыла айтты.
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы алдағы уақытта аймағымызда 22 теміржол бекетін заман талаптарына сай келетіндей жөндеуден өткізіп беретін болды. Оның ішінде облыс орталығы Өскемен қаласындағы Защита те-
міржол бекеті де бар. Бұл туралы аталған компанияның президенті Асқар Маминнің аузынан естідік.
– Отандық өнім өндірудің көлемін арттыру бағдарламасы іске асырыла бастаған 2009 жылдан бері қарай біздің компания Шығыс Қазақстандағы 18 отандық өндірушіден құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын 153 түрі бо-йынша тауар сатып алды. Ал өткен жылдың қорытындысына сәйкес осы бағдарлама аясында сіздердің өңірдегі 29 өндірушіден 425 түрі бо-йынша 5,6 миллиард теңгенің тауарын сатып алдық. Яғни, екі жылдың ішінде төрт есеге дейін өсіп отыр. Біз-
дің компания бұл байланысты ары
қарай жалғастыра түседі. Айталық,
қазірдің өзінде «Шығысмашзауыт-пен» тығыз қарым-қатынастамыз. Ең бастысы, осы бағдарлама шеңберінде 2015 жылы облыста теміржол саласы үшін қажетті отандық өнімнің көлемін 45 миллиард теңге шамасында болады, – деп атап көрсеткен компания басшысы Асқар Мамин «Шығысмашзауыт» кәсіпорнының мәселесін шешуде қол ұшын созған облыс Әкіміне өзінің ризашылығын білдірді.
Кеңейтілген отырыста сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты Олег Чернышов, «Азия Авто» АҚ-ның президенті Ержан Мәндиев сөз сөйледі. Бизнес өкілдері де өздерін алаңдатқан сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды. Жиын соңында аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ пен «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Асқар Мамин келелі отырыста көтерілген мәселелерге байланысты меморандумға қол қойды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив