KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
475.39 513.37 5.4

Шығыс Қазақстанда Әміренің ән сайысы өтіп жатыр ( +сурет)

2.05.2013, 18:00 210


Қазақтың кіл сал-серілері Өскеменде жүр. Кеше облысорталығында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың IX республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда Әміренің ән сайысы өтіп жатыр ( +сурет)Осымен тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі әндер байқауы ең алғаш рет 1998 жылы Семей қаласында өткізілген екен. Содан бері қазақтың өңшең күміс көмей, жез таңдай әншілері екі жылда бір рет бәйгеге түсіп келіпті. Семейден соң тек Алматы мен Астанада өтіп келген байқау биыл ерке Ертістің жағасында ерекше сипатта жалғасты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл байқаудың Әміре әнші туған өңірде өтуіне күш салып, дәстүрлі әншілерді
арнайы Өскеменге шақырып отыр.
Шығыс Қазақстанда Әміренің ән сайысы өтіп жатыр ( +сурет)
Шығыс Қазақстанда Әміренің ән сайысы өтіп жатыр ( +сурет)
Байқауда бақ сынауға келген үміт-керлермен қатар кешегі Біржан сал мен Майраның бүгінгі жалғасы іспетті өнер жұлдыздары Тұрсынғазы Рахимов, Бекболат Тілеухан, Қапаш Құлышева, Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіманов, Жарқын Шәкерім, Нұрболат Ахметжанов, Ерлан Рысқали конкурс қонақтары бола отырып, жас әншілердің өнеріне баға да береді.

Әміре Қашаубаев атындағы дәс-түрлі орындаушылар байқауының жаңа шарты бойынша биыл конкурс-қа қатысушылардың жасы 18 бен 40-тың арасы деп белгіленген екен. Байқауға барлығы 46 үміткер қаты-сып, бақ сынамақшы.

Өнер кешінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев үміткерлерге сәттілік тілей келе, өткізіліп жатқан мәдени шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

– Қазақтың әнін Еуропа төрінде, Парижде шырқап елдің атын асқақ-татқан Әміре Қашаубаевтың есімін біз одан әрмен әспеттей түсуіміз қажет. Аңыз әншінің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында дәстүрлі әншілердің Шығысқа жиналып жатқаны тегіннен тегін емес. Байқау Әміренің туған өңірінде өтсін деп біз Мәдениет және ақпарат министрлігіне қолқа салдық. Жерлесіміз, министр Мұхтар Құл-Мұхаммедке осы орайда алғыс айтқым келеді. Атамыздың аруағы бір аунасын деп, міне, еліміздің түкпір-түкпірінен қаншама жас әншілер келіп отыр, барлықтарыңызға рақмет! «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, мықтылар байқау барысында анықталар. Шығыс Қазақстан облысы мәдени шаралардан, оның ішіндегі дәстүрлі дүниелерден кенде емес. Былтыр өткізілген «Ағажай – Алтай» фестивалі, мүшәйралар, тағы басқа айтулы шаралар өз жалғасын тауып келе жатыр. Бүгінгі байқаудың да халық үшін берері мол деп ойлаймын, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жастарды халық әндері арқылы ұлтжандылық рухта тәрбиелеу, ұлт-тық құндылықтарды аялауға үйрету мақсатында өткізіліп отырған шара үш күнге созылмақшы.

Атақты сазгер, әнші Тұрсынғазы Рахимов дәстүрлі әншілер байқауы жайындағы өз ойын білдіре кетті. Тұрсынғазы ағамыздың айтуынша, мұндай ұлттық маңызы бар шараның Өскеменде өтуі дәстүрлі дүниелерге шөліркеген Шығыстың халқы үшін өте қажет.

– Бұл облыс басшысының көре-гендігі, Шығыста әлі талай мәдениет саласындағы талғамды дүниелердің жалғасатынына сенімдімін дейді, – сазгер.

Ал танымал әнші Айгүл Қосанованың айтуынша, дәстүрлі әншілікке бет бұрған жастар қарасы жылдан-жылға көбейіп келеді екен.

– Бұл сөзіме байқауға қатысуға көптеп өтініш білдірген жастар дәлел. Мені конкурстың Астана, Алматы емес, әнші бабамыздың туған жерінде өтіп жатқаны қуантады, бұл іске мұрындық болып, ұлт мұрасын ұмытпай дамытып отырған облыс басшысына алғыс айтқым келеді, – дейді Айгүл Қосанова.

Үкілі домбыраларын қолтықтап, үкілі үмітпен сахна төріне шыққан 50-ге жуық үміткерлер жеребе жүйесі арқылы көрермендердің көз алдарында реттік нөмірлерін таңдап алды. Өнерпаздар арасында Атырау мен Алтайдың арасындағы қазақ даласының түгелдей дерлік әншілері бар. Біздің облыстан бұл байқауға семейлік Алтын Сымасейітова мен Тарбағатай ауданының әншісі Төлеген Шәкәрімов қатысып, өнер көрсетуде. Барлық әншілерге сәттілік тілейміз!

Дарын Нұрсапаров

Суреттерді түсірген Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив