KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Бесқарағайда этно-мәдени бірлестіктер жаңа ғимаратқа қоныс аударды

1.05.2013, 18:00 142


Бесқарағай аудандық Достық үйі жаңа ғимаратқа жайғасты. Жаңа ғимараттың жөндеу жұмыстарына 1 миллион теңгедей қаражат жұмсалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Достық үйінің қызметкерлері, этно-мәдени бірлестіктер осындағы бес бөлімге орналасқан. Осы өңірде тұратын ұлттардың тарихы мен салт-дәстүрлерін насихаттайтын мазмұнды деректер мен тұрмыстық заттар молынан жинақталған.

Осыдан екі жыл бұрын ашылған Достық үйінде аудан аумағында тұратын этностар туралы тарихи-мәдени мұралар зерделеніп, олардың шығармашылығын, салт-дәстүрін насихаттай отырып, этно-мәдени бірлестіктерге әдістемелік, құқықтық көмек көрсетіліп келеді.

Достық үйінде ұлт пен ұлыстардың мерекелері өткізілумен қатар басқа да қызықты кездесулер, шығармашылық кештер, мәдени шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Халқымыздың дәстүрін жас ұрпаққа насихаттап келе жатқан «Асыл әжелер» фольклорлық тобы да осы үйдің құрамында.


Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив