KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

«Достық үйлері» Семейде бас қосты

20.06.2013, 18:00 187


Шығыс Қазақстан облысы «Достық үйлерінің» өкілдері Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-сессиясының шешімдеріне орай Семей қаласында облыстық семинар өткізді.

Семинарға Зырян, Курчатов, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха аудандарынан өкілдер келіп қатысты. Солардың бірі -- Курчатов қаласындағы «Достық үйінің» басшысы Шахмұрат Төлеутаевтың айтуынша, олар жұмыстарын жақында ғана бастаған. Сондықтан да осындай семинарларға қатысып, тәжірибе жинақтау ол үшін аса маңызды.

--Семейдегі этно-мәдени орталықтардың жұмысы жақсы жанданған. Бұл жерден үйренеріміз көп,-- дейді ол.

Семинар аясында Достық үйінде қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар жергілікті шеберлердің бұйымдарымен қатар, түрлі ұлттардың астарынан дәм татты. Шеберлік сағаттарына қатысты. Соңында семейлік мәдени орталықтар дайындаған концертті тамашалады.

Мәлімет көзі Altaynews. kz
Раушан Нұғманбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив