KZ
Өскемен
+13°
небольшой дождь жел 11 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Достық үйлерінің облыстық семинары

27.06.2013, 18:00 131


Облыстағы Достық үйлері Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында алға қойылған міндеттерге орай облыстық семинар өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинарға Зырян, Курчатов, Шемонайха, Бесқарағай, Бородулиха аудандарынан өкілдер келіп қатысты. Курчатов қаласындағы Достық үйінің жетекшісі Шахмұрат Төлеутаевтың айтуынша, осындай семинарларға қатысып, тәжірибе жинақтау аса маңызды.

«Семейдегі этно-мәдени орталықтардың жұмысы дұрыс жолға қойылған. Бұл жерден үйренеріміз көп», – дейді ол.

Семинар аясында Достық үйінде қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қонақтар жергілікті шеберлердің бұйымдарымен қатар, түрлі ұлттардың дастарқанынан дәм татты. Шеберлік сағаттарына қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив