KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Семейлік оқушылар жауынгерлік өмірдің дәмін татып көрді

25.04.2013, 18:00 118


Семей гарнизонының артиллерия бригадасында ашық есік күні өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі саясат бөлімінде түсіндіргендей, іс-шараның мақсаты жастарды әскери қызметті өтеудің маңызы мен оның тұрмыстық жағдайларымен, қызметтің жарғысы және жауынгерлік өмірдің күн тәртібімен таныстыру болды. Ашық есік күніне қала колледждерінің 120-дан астам оқушысы шақырылды.

Оқушы жастар мен артиллерия бригадасы әскери қызметкерлерінің алдында бөлімше командирі, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов пен ішкі саясат бөлімінің маманы сөз сөйледі.

Ішкі саясат бөлінінің қызметкері атап өткендей, қазір жасөспірімдер әскер қатарындағы қызметтің құрметті екенін түсінеді. Әскери киім киген адам тұрғындар арасында қашан да құрметке ие.

Қала жастарының алдында батальон сарбаздары қоян-қолтық күрес пен қаруды меңгеру бойынша өз өнерлерін көрсетті.


Сондай-ақ құрметті қарауыл ротасы да оқушыларды өз тәртіптерімен таныстырды.

Жас өспірімдер әскери техника мен құрал-жабдықтардың көрмесін тамашалап, жауынгерлік түстіктен дәм татты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив