KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Бозбалалар әскерге салтанатпен аттанды

25.04.2013, 18:00 273


Тарбағатайлықтар аудан орталығында әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданнан әскерге шақырылған 15 бозбаланы аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадинов, аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Әбділбаев, аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сахариев, ауған соғысының ардагері Е.Рахымжанов, жастар орталығының жетекшісі Д.Кәрібаев құттықтады.

Олар жастарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп, елге аман-есен оралуларына тілектестік білдірді. Әскери-патриоттық шара кезінде болашақ жауынгерлерге арналып концерттік бағдарлама көрсетілді.

Болашақ жас сарбаз С.Қажықанов өз құрбыларының атынан аға буынның артқан сенімін ақтайтындықтарына сендірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив