KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Өскемендегі сауда үйлерінің бірінен өрт шықты

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

10.05.2024, 17:00 66 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталғында 19-шы шағын аудандағы сауда үйлерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бірінші қабаттың түтіндегенін байқаған күзет қызметкерлері бірден өрт сөндірушілерге хабар беріпті.

- Өрт сөндірушілер 10 шаршы алаңдағы тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Тексеру барысында тоңазытқыштың жанғыш бөлшектері мен сөрелердің өртенгені анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге

  • өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін;
  • электр жабдықтары мен электр желісінің жай-күйін үнемі тексеріп отыру керектігін;
  • өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив