KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Мектепте қайырымдылық жасағы жұмыс істейді

23.04.2013, 18:00 164


Бородулиха ауданындағы Песчанка орта мектебінде төрт жылдан бері қайырымдылық жасағы жұмыс істеп келеді. Жасақ құрамында қазір 53 оқушы бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әрбір сынып өздеріне бекітілген еңбек ардагерлері мен ауылдың жалғызілікті адамдарын қамқорлыққа алып, қолдан келген көмектерін көрсетуде. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары барлығы 12 адамды қамқорлыққа алған.

Оқушылар көктем кезінде аулалардағы қоқыстарды тазалап, ағаштар отырғызып, жер қашаса, күз айларында отын жару, көмір кіргізу жұмыстарын атқарды.

Ал қысқы мезгілде қар күреу, су әкелу сияқты шаруаларға қол ұшын берген болатын.

Бұл игі дәстүр биыл да өз жалғасын тауып отыр. Көктем шыға сала қайырымдылық жасағы ауылдағы мұқтаж жандарға қол ұшын беруге кірісіп кетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив