KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Облыс орталығында бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер 44 қылмысты әшкереледі

22.04.2013, 18:00 81


Өскемен қаласының көшелерінде 92 бейнебақылау жүйелері орнатылған. Ағымдағы жылдың үш айында ШҚО ІІД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер 44 қылмыстың бетін ашты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олардың ішінде: 36 бұзақылық, 3 тонау, бір өзінше билік ету фактісі, ұрлық, көлікті заңсыз иелену фактілері бар.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспаөз қызметінде айтқандай, алаяқтықты әшкерелеу жағдайлары да кездеседі. Мысалы, Тәуелсіздік даңғылында орналасқан аялдамада ''Nokia'' маркалы ұялы телефонды тауып алған әйел адам, бұны жанында тұрған адамдарға айтып, телефон жоғалтқандар бар ма екенін анықтамақ болған. Сол арада автобус тосып тұрған ер адам саспастан «бұл телефон менікі деп» алдау жолымен телефонды иеленіп кетпек болыпты. Кейін полиция қызметкерлері жас жігіттің аталған телефонға ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

Наурыз айының басында қаланың сату сөрелерінің бірінде қызықты оқиға орын алды. Жас жігіт ашық жатқан 33 жұп шұлық (залал - 9900 теңге) ұрламақ болған. Бейнебақылау камераларының көмегі арқылы қызметкерлер ер адамды ұстап, полицияға жеткізді.

Таңға жуық «102» арнасына белгісіз адамнан облыстық наркологиялық диспансер алдында «Шкода» маркалы көлік омбы қарға соғылды деген хабарлама түседі. Көмекке жеткен полиция мамандары көлік түнде «Саянұр» СҮ артында орналасқан тұрақтан ұрланғанын анықтайды. Бейнебақылау камералары арқылы тез арада күдікті адамдар анықталып, көлікті айдап әкетуге қатысы бар үш жас жігіт ұсталған. Кейін белгілі болғандай, көлік иесі темір тұлпарының ұрланғаны туралы білмеген де болып шықты. ШҚО ІІД ЖБО қызметкерлерінің жедел әрекеттері арқасында осылайша көлік иесіне еш залалсыз қайтарылды.

Жол жүру қатысушыларына да бақылау жүргізіледі. Бейнабақылау арқылы жол жүру ережелерін бұзушылар да анықталады. Статистикалық деректер бейнебақылау камераларының көмегімен көптеген жол-көлік оқиғалары ашылатынын көрсетеді.

Бейнабақылау жүйесінің басты артықшылығы кінәлілерді табу емес. Профилактикалық шаралар әлдеқайда маңызды. Көшелерде камералардың орнатылғанын көрген тұрғындар құқық бұзушылық жасауға жол бермейтіні дәлелденген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив