KZ
Өскемен
+9°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Мемлекеттік қызметшілердің ХІІІ облыстық спартакиадасында зыряндықтар топ жарды

21.04.2013, 18:00 150


Облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік қызметшілердің ХІІІ облыстық спартакиадасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Командалар бес топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. Жарысқа жалпы жиыны 55 команда қатыс-қан болатын. Бірінші топта облыстағы қалалар әкімдері аппараттарының, екінші топта аудандар әкімдіктері аппараттарының құрама командалары, үшінші топта облыстық басқармалар мен департаменттердің, төртінші топта құқық қорғау органдарының, бесінші топта орталық атқару органдары аймақтық бас-қармаларының құрама командалары қатысты.

Бірінші топта зыряндықтар жеңімпаз атанды. Өскемендіктер екінші, семейліктер үшінші орындарды иеленді.

Екінші топта үржарлықтар бірінші орынға ие болды. Екінші орынды күршімдіктер еншілесе, глубокоеліктер үшінші орынға шықты.

Үшінші топта Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы топ жарды. Екінші орынды облыс әкімі аппаратының командасы еншіледі. Үшінші орын қаржы басқармасының спортшыларына бұйырды.

Төртінші топта облыстық ішкі істер департаментінің командасы үздік шықты. Екінші орынды экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің спортшылары иеленді. Кедендік бақылау департаментінің командасы үшінші орын алды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив