KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Жаңа Шүлбі кентінде 10 жастағы қызды айуандықпен зорлап, өлтірген күдіктінің тергеу жұмыстары аяқталды

19.04.2013, 18:00 90


Бородулиха аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімшесі Жаңа Шүлбі кентінде 10 жастағы қызды айуандықпен зорлап, өлтірген күдіктінің үстінен қозғалған істің алдын-ала тергеу жұмыстарын аяқтады , деп хабарлайды Altaynews.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жаңа Шүлбі кентінің 1971 жылы туған, бұрын сотталған тұрғынына ҚР ҚК –нің 120 және 121-баптарының 4-тармағы, 96-баптың 2-тармағы бойынша аыйп тағылып отыр. Қылмысты іс қазір сотқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, аса ауыр қылмыс 2013-жылдың 12-қаңтарында аталмыш елді мекенде жасалған болатын. Сол кентте 16.00 сағат мөлшерінде қараусыз қалған су жинайтын темір башняның жанынан айуандықпен өлтірілген қыздың денесі табылған.

Облыстың ең мықты тергеушілерінен құрылған топ бір айдай уақыттың ішінде жантүршігерлік қылмысты жасаған күдіктіні қолға түсірді.

Күдікті 16-ақпанда жасаған қылмысы жайлы баяндап берді, ал 19-ақпаннан бері қамауға алынды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив