KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында механизатор өз көңілдесін айуандықпен өлтірген

12.03.2013, 18:00 130


Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое аудандық ішкі істер бөліміне Секисовка кентінің тұрғыны, шаруа қожалықтарының бірінде механизатор болып жұмыс істейтін С. Сергей 12- наурызда өз үйінде заңсыз бірге тұратын әйелінің мәйтін тапқаны туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелдің денесіне түскен жарақаттардан қайтыс болғанын анықтаған. Сараптама да бұл болжамды растайды.

Аса ауыр қылмысқа тергеу жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жасар әйелді бірге ішімдік ішкен соң, ұрыс-керіс нәтижесінде С. Сергей-дың өзі айуандықпен өлтіргені анықтады.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 36-жасар ер адам жасаған қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив