KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Зырян қаласында ғашықтар күніне арналып жастар флешмоб акциясы өткізілді

18.04.2013, 18:00 120


Зырян қаласындағы «Горняк» мәдениет сарайында Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар күніне арналып жастар флешмоб акциясы өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атаулы флешмобқа № 6, № 11 орта мектептердің окушылары және Қ. Нұрғалиев атындағы аграрлық техникалық колледж және «Гиппократ» медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Зырян қаласында ғашықтар күніне арналып жастар флешмоб акциясы өткізілді«Зыряночка» би тобы мен мектеп, колледждердің шығармашылық ұжымдары өздерінің делбезені қоздырған билерімен акцияны жандандыра түсті. Студенттердің билеп жүріп құрған жүрек бейнесі жиналған қауымның көздеріне оттай басылды.

«Бұл шараны қазақ халқының қос ғашығының құрметіне өткіздік. Басты мақсатымыз жастарымызды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, өз салт-дәстүрімізді дәріптеуге үйрету» дейді шараның ұйымдастырушылары.

Жастар орталығы қолдау көрсеткен қатысушылар мен «Горняк» мәдениет сарайының кызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив