Биыл ШҚО-ның барлық елді мекені таза ауыз сумен қамтылады
Бүгінгі күні облыс халқының 99%-ы, оның ішінде ауыл халқының 97,2%-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Президенттің 2025 жылы халықты таза ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста биыл 3,4мың адамды қамтитын 8 жобаны, келесі жылы 3,6 мың адамды қамтитын 8 жобаны іске асыру көзделінген.
“Бұрын ауыз суды тазарту мен таратудың блок-модульді станциялары орнатылған117 шағын ауылға тоқтағым келеді. Идея жақсы, бірақ кейбір жағдайларда жоба соңына дейін жеткізілмеген. Станция орнатылған, бірақ электр қуаты қосылмаған немесе скважинадағы су қоры жеткіліксіз болған фактілер болды. Бүгінгі таңда көптеген кемшіліктер түзетілді. Бұдан әрі, 3 жыл ішінде әрбір үйге орталық су құбырын тарту жоспарланып отыр”, деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Қуаныш Рахметоллаұлы