KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Жарыс жолында - Шығыс Қазақстанның жас жол қозғалысы инспекторлары

17.04.2013, 18:00 226


Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жас жол қозғалысы инспекторлары отрядтары жарыс жолына түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

30-сәуірге дейін созылатын шара кезінде облыстың 12 мен 14 жас аралығындағы ең үздік жас инспекторлары аудандық және қалалық слеттерге қатысады. Одан кейін 18-мамырда Өскемен қаласында ұйымдастарылмақ облыстық слетке жиналады.

Облыстық деңгейде жеңіске жеткендерге республикалық слетке жолдамамен қоса «Балдәурен» балалардың сауықтыру орнында 2 апта бойы демалуға мүмкіндік беріледі.

«Бір ғана мектеп бағдарламасымен балалардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиын. Біз бұл олқылықтың орнын жас жол инспекторларының күшімен толықтырсақ дейміз. Басты мақсатымыз –мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің барлығын қамту» деді облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Ақгүл Атудинова.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив