KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Жол қозғалысы жас инспекторларының "Светофорыч" командасы жеңіспен оралды

2.07.2013, 18:00 233


Шығыс Қазақстан облысының жол қозғалысы жас инспекторларының командасы республикалық байқаудан осымен үшінші рет жеңіспен оралды. Жас инспекторлардың 13-слеті биыл Ақмола облысындағы «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығында өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

-Біздің балалар мұндай жарыстарға қатысып жүргеніне қарамастан, әрине, қобалжулар болды. Оқушылардың үйге жеңімпаз болып оралуы Өскемен қаласындағы №9 орта мектеп ұжымы мен облыстық жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісі, -дейді команданың жетекшісі Галина Дроздова.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысқан байқауда біздің «Светофорыч» командасы «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Санитар» , «Бейнеролик» сайыстарында 2 орынға шықса, «Үгіт бригадасы», «Мәнерлеп жүргізу» конкурстарында 3 орын алды. Баспасөз хабарламасы сайысында облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Ақгүл Атудинова 3 орынға көтерілді.

«Слетке тәжірибе алмасу мақсатында Мәскеу мен Новосібірлік әріптестеріміз келіпті. Маған мәскеулік әріптесіміздің «БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас және балалар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алу» тақырыбында өткізген шебер-сыныбы ұнады. Ресейліктердің балалармен жұмысы кезінде біздегі сияқты 12 мен 14 жас аралығы деген шектеу жоқ. Оларда жас инспекторлар қатарында 16 жастағы жас өспірімдер де болуы мүмкін» , дейді Ақгүл Атудинова.

Ресейлік мамандар шығысқазақстандық «Светофорыч» командасын 2014 жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланған дәстүрлі Мемлекетаралық слетке қатысуға шақырды.

Лариса Поломошнова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив