KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 8 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Бесқарағайлық оқушылар «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

25.02.2013, 18:00 404


Облыс орталығында Өскемен қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» Ү республикалық «КАТЕҮ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда Семей қаласының барлық гимназия мектептері мен экономикалық лицейі, «Жас ұлан» лицейі, Курчатов қаласының мектеп гимназиясы оқушылары , Аягөз, Абай, Бородулиха, Бесқарағай, Тарбағатай, Ұржар, Жарма, басқа да аудандардың үздік оқушылары білім сайысына түсті.

Бесқарағайлық оқушылар «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атандыБесқарағай ауданындағы Үлкен Владимировка орта мектебінен «тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Нұрлыбек Еркежан жүлделі ІІІ орынды алса, «Жас ғалымдар» номинациясында 10 «А» сынып оқушысы Тайгулакова Ажар «Киелі сандар» ғылыми жобасы үшін сертификатпен марапатталды. «Әнші-бұлбұл» номинациясында 7 «А» сынып оқушысы Казкенов Дастан жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бесқарағайлық оқушылар «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атандыЖеңіске жеткен оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарына арнайы Диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Оқушылары түрлі олимиадалардан жүлделі орын алып келе жатқан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Құсманова Самал Кәкімқызы да бұл жолы олжамен оралып, мектебіміз бен ауданымыздың мәртебесін тағы бір саты жоғары көтерді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив