KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

"Таңшолпан" балғын өнерпаздарды баулиды

15.05.2012, 18:00 264


Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында «Таңшолпан» республикалық байқауын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Аталған шараның басты мақсаты – балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан талантты, өнерпаз балаларды анықтап, оларға шығармашылық бағыт-бағдар беру.

Осыған орай Шығыс Қазақстандағы балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған облыстық байқауда екі би тобы үздік шығып, Астана қаласында 1-2 маусым күндері өтетін республикалық турға жолдама алды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы мен Шүлбі кентіндегі облыстық балалар үйінің жас бишілері үлкен дайындық үстінде.

– Сайысқа еліміздің барлық аймақтарынан ең талантты балалар жиналатынын білетін жас өнерпаздар өздеріне үлкен жауапкершілік артқанын жақсы түсінеді, – дейді облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Альмира Тоқтағанқызы. – Біз жас өнерпаздарға үлкен жетістіктер тілейміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив