KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

"Раушан гүлдері" сайысының жеңімпазы "Үміттің" тәрбиеленушісі

31.01.2013, 18:00 167


Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі, үшінші сынып оқушысы Темірлан Тұрғанбаев балалар үйі әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Раушан гүлдер» сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Темірлан – балалар үйіндегі «Аққу» би ансамблінің мүшесі. Оның мұнда тәрбиеленіп жатқанына үш жылдан асты.

«Үміттің» тәрбиешілері, аталған сайысты ұйымдастырған балалар үйінің әкімшілігіне, сондай-ақ, демеушілік көрсеткен «Нарын» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Шаухинге, «Ремдор» ЖШС-нің директоры М.Қамзиновқа, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің директоры Е.Мұстафинге, «Жас қанат» шаруа қожалығының басшысы А.Матасовқа, сондай-ақ, Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Б.Қанапин мен хореограф Н.Марубековаға ерекше алғыстарын білдіреді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив