KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Бесқарағайлық 11-сынып оқушысы Мұқашев Темірлан Мәскеу қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

4.02.2013, 18:00 283


Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мұқашев Темірлан Мәскеу қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

27 қаңтардан 3 ақпан аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында « Компьютерлік физика – 2013» XVII Халықаралық турнирі өтті.

Турнирде Ресейдің 15 қаласы мен Қазақстанның қалалары мен облыстарынан 10 команда өз білімдерін сарапқа салды.

Олардың арасында бесқарағайлық Темірлан өз білімін үздік көрсете біліп, ІІ дәрежелі дипломмен және арнайы сертификатпен марапатталды.

Жеңімпазды оқытушысы Жанболат Ерсайынұлы Рүстемов даярлаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив