KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекендердің атаулары өзгертіледі

28.03.2013, 18:00 141


Келешекте Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекендердің атаулары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы жақында өткен облыстық ономастика жөніндегі комиссияның жұмыс отырысында айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқап қарасақ, бұрынғы атаулары ауыстырылуы ықтимал ауылдардың дені Катонқарағай ауданында екен. Жиында комиссия мүшелері осы ауданның атқарушы және өкілетті органдарының жолдаған ұсыныстарын қарады. Онда Катонқарағай ауданының Яр ауылын Егінді, ал Огневоны Қаражал, Юбилейноены Көкбастау деп өзгерту туралы жазылған. Комиссия мүшелері бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдаса, Ульянов елді мекенін Жылысай деп өзгерту
туралы мәселені қосымша қарайтындарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі екі-үш жыл ширегінде республика аумағында елді мекендердің атауларын өзгерту-
ге мораторий жарияланған болатын.

Енді міне, сол мораторий алынып тасталып, есесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Ономастика туралы» Заң аясында елді мекендер мен көшелердің атауларын өзгертуге мүмкіндік туып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив