KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Құрылыс материалдары Жармада өндіріледі

15.09.2013, 18:00 180


Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Жарма Проект ЛTД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдары цехын жабдықтап, өнімдерін шығарып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтыр осы кәсіпорынға жоғары технологиялық құрылғылар орнатылып, өндіріске енгізілді. Қазіргі уақытта кірпіш шығаратын үш қондырғы жұмыс істеп тұр. Биыл газды блок шығаратын қондырғы жеткізілді. Инвестицияның жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрады.

Бұл күндері цех ұжымы қабырға-лық шлак-блоктарды, жиектастарды, қаптайтын тақталарды, қалқалау материалдарын жасап шығарып жатыр. Негізінен қабырға блоктарына тапсырыстар көбірек түсуде. Биылғы наурыз айынан бірінші тамызға дейінгі аралықта 25 мың дана блок тұтынушыларға жіберілді.

Бұл кәсіпорын құрылыс жұмыстарымен де айналысуда. «Шалабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі қабатты шлак-блоктан салынатын тұрғын үй коттеджі құрылысының жобасын осы кәсіпорынның көмегімен жүзеге асыруды қарастыруда.

Кәсіпорын таяу арада бағасы арзандау болатын газ-бетон блоктарын шығаруды игермекші.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив