KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жобаларын жүзеге асыру жұмыстарымен айналысып жатыр

1.07.2013, 18:00 128


Жарма ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа кәсіпорындар салынып, өз өнімдерін өндіріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазақцемент» серіктестігінің Шар қаласы іргесіндегі зауыты «Сарытас» кен орнында ұнтақты сұрыптайтын қондырғылы кешенді орнату жұмыс-тарын қолға алды. Бүгінгі күні жалпы құны 150 миллион теңгені құрайтын өндірістік құжаттары дайындалып, соңғы пысықтаудан өткізілуде.

«ТЭК-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен Шар қаласындағы жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын жанар-жағармай қоймасын қайта жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруда. Қалбатау ауылындағы Георгиевка сорғы жабдықтары зауытының құю цехы технологиясын жетілдіру бағытындағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Цех толық қуатында іске қосылғанда 2015 жылы жоспарланған меже бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,5 есеге ұлғаяды.

Сондай-ақ, «Жарма Проект ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қалбатауда құрылыс материалдары цехын жабдықтап жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив