KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Риддер қаласындағы барлық мекемелер меншік түріне қарамастан қармен жұмыла күресіп жатыр

25.03.2013, 18:00 158


Риддер қаласындағы барлық мекемелер меншік түріне қарамастан, қалың жауған қардың салдарынан пайда болып отырған тасқынның алдын алуға жұмылуға тиіс, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Риддер қаласына барған іссапар барысында қала активімен өткізген арнайы кеңесте айтты.

"Риддердің жанынан сегіз өзен ағып өтеді. Олардың бәрі де таулы өзендер болғандықтан, көктемгі мезгілде суы молайып, қауіп төнді-реді. Негізгі қауіпті сең қозғалғанда Үлбі және Журавлиха өзендерінен күтуге болады. Мұз шоғырларының түзілуі судың жылдам көтерілуіне негізгі себеп болмақ" – деп баяндады Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Асхат Хосчанов облыс басшысына.

Оның айтуынша, жауған жаңбырдың әсерінен және қардың күрт еруінен Үлбі өзеніндегі тасқынға қарсы бөгеттің кейбір тұстары сыр бере бастаған. Соның кесірінен тұрғын үй құрылысы телімдеріне су жайылған. Сондай-ақ, Белый луг кентіндегі Опеныш бұлағы да арнасынан асып, төтенше жағдай туындатқан.
– Жақын күндерде қалыптасқан төтенше жағдайдың алдын алуға қосымша қаржы бағыттайтын боламыз. Әзір түнде аяз болып, күндіз сәл ғана жылынып, табиғаттың өзі бізге болысып тұр. Осылай жалғаса берсе, тасқыннан ойдағыдай құтылуға мүмкіндік бар. Дегенмен, бәріне де сақ болу керек. Егер күн күрт жылынып, тасқын жүріп кеткен жағдайда да шығынға жол бермеуді жан-жақты қарастыру қажет, – деді облыс әкімі.

Сонымен бірге атқарылған шаруалар жайында облыс әкіміне төтенше жағдайлар қызметінің, «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары баяндады.

– Сәуірдің ортасына таман судың мол қоры келеді. Сол уақытқа дейін дайындық жұмыстарын аяқтап үлгеруіміз керек. Үкіметтен осы мақсатқа бөлінген қаржыны алдық, Риддерге ақша бөлеміз. Осы қаржының мақсатты игерілуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де төмендеп кетпеуі тиіс. Жылдың басын қалай бастасақ, солай аяқталатыны белгілі. Сондықтан барлық көрсеткіштер облыстық дейгейден төмен болмауы қажет, – деді жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев риддерліктерге.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив