Аягөздік кәсіпкерлер өз қаражаттары мен 168 млн. теңгенің инвестициясы есебінен жылына 10 млн. дана күйдірілген кірпіш құятын жауапкершілігі шектеулі «АВS» тобын құрды. Қазір аталған кәсіпорын Қытайдан әкелінген «Баошень шэньси» қондырғыларын орнатып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Биыл ауданда құрылыс жұмыстары ерекше қарқын алатын түрі бар. Оған қажетті құрылыс материалдары жергілікті жерде өндіруді көздеген кәсіпкерлер күн жылынып, карьер ашылысымен іске кіріспек.
Мамандардың болжамына қарғанда, жаңадан 40 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорында өндірілетін өнімнің құны Өскемен мен Семейдегі кірпіштерге қарағанда екі есе арзан болады.
Қадырбек Кәкімұлы