KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, СБ
485.04 525.98 5.04

Аягөзде экологиялық жағынан таза кірпіштер өндіріледі

2.04.2013, 18:00 227


Аягөз қаласында кірпіш өндіретін «АВS» кәсіпорны жылына 10 млн. дана күйдірілген кірпіш өндіреді. Мұнда Қытайдың «Баошень» компаниясының қондырғылары орнатылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл – экологиялық жағынан таза өнім өндіретін өндіріс. Мұнда өндірістік технология қыздыру және күйдіру бөлімдерінен тұрады. Кәсіпорында арнайы шикізат қоймасы мен сақтау орындары бар. Осындай кәсіпорын Екібастұз қаласында ғана бар көрінеді. Оның үстіне өндірілетін өнімнің бағасы Өскемен мен Семейде шығарылып жатқан өнімдерден екі есе төмен болмақ. Себебі, шикізат өнімдеріне шығын аз кетеді, өйткені, карьер өндіріске жақын орналасқан. Тоғыз жолдың торабын-да орналасқан жаңа кәсіпорын аудан көлемінде қарқын алған құрылыс сұранысын кірпішпен толық қамтиды.

Алдағы жылдары жоспарланып отырған қаладағы 1000 және 600 орындық мектеп ғимараты мен Бидайық ауылында салынатын 80 орындық мектеп құрылысына, қалада бой көтеретін екі балабақша мен биологиялық тазарту орталығы, орталық қазандық жұмысына осы өндірістің өніміне тапсырыс беріліп отыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес алдағы жылдары салынатын көпқабатты үйлерге де ұсыныстар түсе бастаған.

Жаңа ашылған өндіріске көктем туа жеке меншік үй салушылардан да тапсырыс жиі түсе бастаған. Кірпіш әзірше қолмен құйылып жатыр, болашақта кәсіпорын толығымен автоматтандырылады. Мұнда қазір ауылдың 40-тан астам жұмысшысы еңбек етуде.

Қадырбек Кәкімұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив