Мемлекеттік рәміздерді насихаттау аясында Ұржар ауданында көптеген шаралар қолға алынып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Насихаттау шаралары аудан әкімдігі, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары, әскери бөлімдер мен барлық мемлекеттік мекемелер арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия, ішкі саясат бөлімі мекемелер мен ұйымдардағы Ту мен Елтаңбаның уақтылы жаңартылып, талапқа сай болуын қадағалап отырады.
Ауданда мемлекеттік рәміздер орналасуы тиіс 107 мекеме бар, оның 27-сі ауылдық әкімдік, 54-і білім ордасы, қалғандары – мемлекеттік мекемелер. Рәміздерді заңға сай орналастыру, тұрғындар арасында оларға деген құрмет қалыптастыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің мамандары мен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік мекемелерге бірнеше рет тексеру рейдтері жүргізілді.
Бейсенғазы Ұлықбек