KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Үржар ауданы тұрғындары арасында мал ұстайтын отбасылар саны артып отыр

5.03.2013, 18:00 202


Үржар ауданы тұрғындары арасында мал ұстамайтын отбасылар саны жылдан-жылға азайып келеді. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша ауданда 588 отбасында мал жоқ болса, жыл көлемінде олардың саны 96-ға азайған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мал тұқымын асылдандыру бағытында былтыр республикалық бюджеттен 31 685 мың теңге бөлінді.

Аудан тұрғындарының мал басын өз төлі есебінен көбейту мақсатында ауданның барлық 27 ауылдық округінде ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, жұмыс істеуде.

Мал басын көбейту мақсатында есепті жылы ауданнан тыс жерлерден 477 бас ірі қара, 4120 бас ұсақ мал сатып алынған. Қазіргі таңда аудан көлемінде барлығы 9 мал соятын пункт, 20 мал соятын алаң, «Швабские колбаски» ЖШС кәсіпорны және 15 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив