KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қожалықтар қаражаттан кенде емес

1.03.2012, 18:00 165


Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Асқа-
был Бексұлтановтың айтуынша, жыл сайын көктемгі егіс пен егін жинау жұыстарын жүргізу үшін ауданның 757 ауылшаруашылық тауар өндірушілері-не қомақты субсидия беріліп келеді.

Биылғы қыстамаға барлығы 215700 тонна шөп дайындалған. Егістік жерлердің құнарлылығын арттыру мақсатында, 751 тонна минералды тыңайтқыштар сатылып алынды.
Аудан тұрғындары арасында мал ұстамайтын отбасылар саны жылдан-жылға азаюда. 2011 жылы 1020 отбасында мал жоқ болса, жылдың соңына дейін олардың саны 42,3 пайызға немесе 432 отбасына кеміді.
Бүгінгі күндері мал тұқымын асылдандыру арқылы оның өнімділігін арттыру бағытында шаруашылық құрылымдарының жұмыстары-на қолдау көрсету, дамыту және ынталандыру негізінде мемлекет тарапынан тиісті шаралар қарастырылып, көмек көрсету тәртібі бекітілген. 2011 жылы аталған шараларға республикалық бюджеттен 26 млн. 504 мың теңге мақсатты трансферттер бөлінген. Бұдан тыс аудандағы 14 қожалыққа асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдар сатып алғаны үшін 56 млн. 401 мың теңге төленген еді.
Мал басын асылдандыру мақсатында аудан көлемінде 29 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеуде. Былтыр тағы төрт бордақылау алаңдары ашылып, бүгіндері барлығы 15 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеуде.
Ауданда ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытында соңғы бір жылдың ішін-де атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, шаруа қожалықтарының саны 2272-ге азайды.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив