KZ
Өскемен
пасмурно жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Семейлік полицейлер қалта ұрысын әшкереледі

20.02.2013, 18:00 163


Семей қалалық криминалды полициясының қызметкерлері 41 жастағы қалта ұрысын қолға түсірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін полицияға маршрутты таксиде бағалы заттары ұрланғаны туралы әр уақытта екі бойжеткен арыз жазыпты. Қыздардың біреуінің жеке бас куәлігі мен банктің картасы пин-кодымен салынған әмияны қолды болған. Көп ұзамай карта бойынша 100 000 теңге алынады. Екіншісінің сөмкесінен ұры 70 мың теңгелік ұялы телефонын жымқырған.

Екі қылмыс арасында бір ай уақыт өткен. Осы фактілер бойынша қылмысты іс қозғалады. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі қылмыстың бір адамның жасағаны анықталды.

Нәтижесінде Семейдің полиция қызметкерлері жоғарыдағы қылмыстарды жасады деген күдікпен Шар қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив