KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Шемонайхалық төтеншелік маман 300 мың теңге пара аламын деп қолға түсті

13.08.2013, 18:00 103


Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде 300 мың теңге пара алмақ болды деген күдікпен Шемонайха ауданы бойынша ТЖ бөлімінің бас маманын ұстады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне жүгініп.

Маусым айында Шемонайха қаласында жеке кәсіпкерлердің бірінің бөлмесін жоспарлы тексеру кезінде аудандық ТЖБ-нің қызметкері өрт қауіпсіздігін сақтауға қатысты кемшіліктер тапқан. Тексеру аяқталған соң төтеншелік маман жеке кәсіпкерден өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартпау үшін және алдағы уақытта да оған қамқорлық танытып жүретінін айтып, 300 мың теңге пара талап еткен.

Жеке кәсіпкердің шағымы бойынша жүргізілген тексерулер бұл фактіні растады.

Өртке қарсы қызметтің майорын қаржы полициясының қызметкерлері пара алғаннан кейін қолға түсірді, одан 300 мың теңге қайтарылып алынды.

Қазір Шемонайха аудандық ТЖБ-нің бас маманына қатысты қылмысты іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив