KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Ақжар ауылында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді

10.11.2014, 18:00 121



«Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филилалының төрағасы, аудан әкімі Д.Т.Оразбаев Ақжар ауылында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері, тиісті ауылдық округ әкімдері мен азаматтардың алдын ала жазылған сұрақтарына байланысты жауапты бөлім, мекеме басшылары қатыстырылды.

Аудан басшысының қабылдауында ауданның әр ауылынан келген 24 азаматы болып, өз өтініш-тілектерін жеткізді. Аудан тұрғындары тарапынан қабылдауда көтерілген сұрақтардың 10-ы тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету, 3-уі жұмыспен қамту, оның ішінде 1-уі біліміне сәйкес өз мамандығы бойынша болса, 2-уі қандай да болсын жұмысқа орналастыру туралы, 5-уі жерге қатысты мәселелер. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, шаруа қожалығына қарасты қора-жайын өртегендердің анықталмауы, ауыл шаруашылығы несиесін алу және мектептегі келеңсіз жағдай туралы мәселелер де болды.

Көтерілген мәселелерге жауапты мекеме, бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің қатыстырылуының нәтижесінде көптеген сұрақтарға заң талаптарына сәйкес қабылдау барысында нақты түсініктер берілсе, кейбір түйткілді мәселелер бойынша арнайы комиссия құрып зерттеу тапсырылды. Партия филилалының төрағасы бірнеше өтініштің қаралу барысын партияның бақылауына қойды.

Қабылдауды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филилалының төрағасы, аудан әкімі Д.Т.Оразбаев қабылдауға қатысқан барлық лауазымды тұлғаларға азаматтардың өтініштерін қарауда заң талаптарын қатаң сақтай отырып, көмекке мұқтаж азаматтардың әлеуетін көтеру мен проблемалық мәселелерін шешуге жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив