KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Семей қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады (+сурет)

17.04.2013, 18:00 194


Семейліктер шешімін таба алмай жүрген мәселелерінің түйінін тарқатуға көмек сұрап «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалына келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семей қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады (+сурет)Семей қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады (+сурет)

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қоғамдық қабылдау бөлімінде шаһар тұрғындарының арыз-өтініштерін қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева тыңдапты. Аталмыш шараға әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары да шақырылған болатын.

Әкім орынбасары қоғамдық қабылдауға келген 20 тұрғынның әрқайсымен жеке-жеке кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді шешуге тырысты. Келушілер негізінен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй сынды түйткілді мәселелерді көтерді.

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімі және оның орынбасарларына «Нұр Отан» ХДП тұрғындарды қабылдау жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес бүгін қалалықтармен жүздесіп, проблемаларын тыңдадық, мүмкіндігінше көмектесуге тырысамыз. Қала әкімінің орынбасарлары бұндай қабылдауларды ай сайын өткізуді жоспарлап отыр» дейді Зәуреш Исабаева.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив