KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

«2013 жыл-Бітібаева жылы» деп аталып өтеді

19.02.2013, 18:00 154


Курчатов қаласының № 3 орта мектебінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева шығармашылығының 45 жылдығына орай «2013 жыл-Бітібаева жылы» деп аталуына байланысты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшіге қалалық білім беру бөлімінде хабарлады.

«2013 жыл-Бітібаева жылы»  деп аталып өтеді
«2013 жыл-Бітібаева жылы»  деп аталып өтеді

Жиында оқушыларға Қанипа Омарғалиқызының өмірбаяны, шығармашылығы жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді.

Мектепте бірегей ұстаздың оқыту-әдістемелік тәжірибесіне арналған кешенді шаралар ұйымдастырылды.

Күні бойы қазақ тілі кабинеттерінде ашық есік ұйымдастырылып, оқытушылар Д.Е.Қаржаубаева мен Ж.А.Алтынбекова «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына сабақтар өткізді.

Оқушыларда сөз байланысын қалыптастыру, сөздік қорын толықтыру мақсатында арнайы сабақ жүргізілді. (мұғалім Л. С.Атаканова).
Оқушылар табиғат суреттерін салып, салған суреттерін ауызша қазақ тілінде бейнелеп берді.

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі С.М.Кенжебекова мектеп мұғалімдеріне арнап «Қ.Бітібаеваның технологиясын тиімді енгізуі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив