KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Республика бюджетінің азаматтар үшін ашықтығы артып келеді

18.02.2013, 18:00 179


Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Республика бюджетінің орындалуын қадағалау және азаматтық қоғамды құру есеп комитетінің ,Сорос-Қазақстан Қорының өкілдері ғаламдық «Бюджеттің ашықтығының индексі-2012» қорытындысын талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz Сорос-Қазақстан Қорының баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.

2012 жылы өзінің көрсеткішін 10 пунктке жақсартып, Қазақстан ең жоғарғы 100 балдан 48 балл жинады және бюджеттік процесте жоғарғы әлеуметтік қатысуды көрсететін елдер тобына ауысты.

«Бұндай нәтиже мемлекеттік өкілеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының тиімді бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды. Осылайша Қазақстанның Ұлттық бюджеттік желісі өкілдері мен ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлері бірлесіп ТМД-да бірінші болып Азаматтық бюджетті әзірледі. Сонымен қатар алдын-ала бюджеттік өтінім мен республикалық бюджеттің орындалуы нәтижесі бойынша жылдық есептеме сияқты құжаттар айтарлықтай толықтырылды» деді Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев.

Бюджеттің ашықтығының индексін «Халықаралық бюджеттік серіктестігі» ұйымы екі жылда бір рет зерттейді. Бірінші рет зерттеу 2006 жылы 59 елде, ал 2012 жылы әлемнің 100 елінде жүргізілді. Қазақстан Бюджеттің ашықтығының индексін жасау барысына басынын бастап қатысып келеді.

Басқосу барысында 2014 жылғы индексті әзірлеуде Қазақстанның бұдан әрі жоғары нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін ұсыныстар айтылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив