KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Бюджетті сапалы атқарудың маңызды міндеттері қандай?

7.11.2022, 18:12 484 Ләззат Қанатқызы

Бюджетті атқарудың маңызды міндеті – жалпы алғанда және әрбір қаржыландыру көзі бойынша салықтар мен басқа да төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджетте бекітілген сомалар шегінде іс-шараларды қаржыландыру.

Нарықтық қатынастар дамыған жағдайда, қаржылық-бюджеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік бағдарламаларды дер кезінде қаржыландыруға, мемлекеттік қаржының түсімін, оның мақсатқа сай және үнемді пайдаланылуын, бюджеттік заңнаманың сақталуын тиімді бақылауға мүмкіндік беретін бюджетті атқарудың қазынашылық тетігі арқылы мемлекеттік қаржыны тиімді басқару болып табылады.

Экономиканы нарықтық басқару әдістеріне көшкен кезде, бүкіл бюджеттік үдерісті кең ауқымды реформалаудың тиімді шараларының бірі қазынашылық органдарын құру екенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.

Кез келген мемлекеттің қаржылық жүйесі үшін қазынашылықтың рөлін асыра бағалау қиын. Тарихи даму барысында қазынашылық органдары мемлекет қазынасының (кассасының) рөлін атқарып, олар арқылы бюджеттің ақшалай қаражатының қозғалысы жүзеге асырылуда. Екінші жағынан, қазынашылық органдары бақылау функциясын орындайды, өйткені мемлекет қаржысының кез келген қозғалысын тіркеуге және талдауға нақты мүмкіндігі бар.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі салықтардың және басқа да төлемдердің уақтылы бюджетке түсуін, бюджет шығыстарының өткізілуін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқару органдарының қаржы ресурстарын тиімді басқаруын, мемлекеттік бюдджетті атқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Басқаша айтқанда, қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі ел Президенті қойған басты мақсатты – мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан қазынашылығының арнайы міндеттері бар, атап айтқанда бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсету, бюджет қаражаттарының пайдалануына алдын ала және ағымдағы бақылау жүргізу.

Қазынашылық бюджетті қалыптастырудан бастап, оны толық игеруге дейін барлық бюджеттік үдерістерге қатысады. Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі арқасында салық, қаржы, кеден және атқару органдары мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жөнінде толық ақпаратты күнделікті алып отырады.

Қазынашылық органдарының басты міндеттерінің бірі – бюджеттің толық әрі уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету, сондықтан бюджетті атқару, мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік бюджет қаражаттарын пайдалану барысында бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Заманауи талаптарға сәйкес, мемлекеттік мекемелерге және жергілікті атқару органдарына қызмет көрсету қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде On-Line режімде жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекемелер электрондық цифрлық қолтаңба қойылған қаржы құжаттарын «Қазынашылық-Клиент» жүйесіне жүктеп, олардың жай-күйін бақылап отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер өздеріне қажетті қаржылық есептерді кез келген ыңғайлы уақытта қалыптастырып алады.

Мемлекеттік жүйеде қазынашылық бүкіл қаржы жүйесінің жалпы жай-күйіне әсер етеді. Мысалы, ағымдағы төлемдерді уақтылы төлеу міндетін алсақ, мұның артында жауапты кредитор және ақша айналымы үдерістерінің қатысушы ретінде мемлекеттің беделі тұрады. Сондықтан, мемлекеттік сектордың барлық салаларының тұрақтылығы қазынашылықтың қаржы төлемдерін кідіріссіз жүзеге асыруына байланысты. Бюджеттік-қаржылық сервис пен бюджетті сапалы атқару саласында ұйытқы болатын қазынашылықтың технологиялық орган ретіндегі маңызы осында.

ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және жергілікті бюджеттерге есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Облыстық қазынашылықтың құрамына 10 аудандық (қалалық) қазынашылық басқарма кіреді.

Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқармалар «Қазынашылық-Клиент» электрондық құжатайналымы бағдарламасы арқылы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді, ал 2012 жылдан бастап – квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, 2017 жылдан бастап – қазынашылық қолдау шеңберінде құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу шоттарына, 2022 жылдан бастап – мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларына, мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке алуға және жұмсауға арналған шоттарына, қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны есепке алуға және жұмсауға арналған шоттарына қызмет көрсетеді.

Бір сөзбен айтқанда, қазынашылық бүгін – мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін ақпараттық негіз болып табылатын және бюджет тәртібінің атқарылуына қатан бақылау жасайтын белсенді дамып келе жатқан қаржы институты. Мұның барлығы қазынашылық қызметкерлерінің білікті әрі жоғары кәсіби жұмысы және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына тиімді бақылау жүргізу арқасында жүзеге асырылуда.

Қазақстанның ұлттық валютасы күні қарсаңында, ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің ұжымы баршаңызды аталған мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, ашық аспан, қаржылық тұрақтылық пен өркендеу тілейді.

 

ШҚО бойынша қазынашылық департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу