KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Адамдар арасында сарыппен ауыратындар азайып келеді

17.02.2013, 18:00 122


Өткен жылы Үржар ауданындағы 21 елді мекеннен адамдар арасында 53 сарып аурушаңдығы анықталған, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге немесе 13 науқасқа аз. Атап айтсақ, 38 науқас індетті қой-ешкіден, бесеуі сиырдан, 10-ы өзге малдан жұқтырыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Сарып (бруцеллез) – ауру малдан жұғатын қауіпті жұқпалы індет. Ауру қоздырғыштары адам денесіне малды бағу, сою, қырқу кезінде тері арқылы енеді. Күнделікті тұрмыста ауру малдың қайнатылмаған сүтін ішкенде жұғады. Аурудың алғашқы белгілері 7-30 күннен соң білінеді. Адамның тәбеті болмай, басы ауырады, қызуы көтеріліп, терлейді. Емделмесе, науқастың белі шойырылып, қол-аяқ буындары ісіп кетеді, тіпті, сал болып қалуы да ықтимал, – дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станса басқармасының бастығы Болат Қуанышбеков.

Мамандар сарыптан сақтану үшін малдың ауру-сауын тексеріп, уақытында ектіріп отырудың, ет пен сүтті сатып алғанда мал дәрігерінің анықтамасын талап етудің қажеттігін ескертеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив