KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бұқтырма су қоймасында мұздың беріктігі өлшенді

14.02.2013, 18:00 164


Құрамында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, суда құтқару стансасының жауапты мамандары бар арнайы топ Бұқтырма су қоймасындағы мұздың қалыңдығын өлшеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күршім жақ шетінен алынған өлшемге сәйкес мұздың қалыңдығы 50-52 сантиметрді көрсетсе, арғы жағалауда бұл 55-60 сантиметрге жетті.

– Мұздың жағдайын қадағалап, аязды уақытта әр он күн сайын келіп, өлшемдер алып тұрамыз, – дейді Тоқтарбек Елшібаев. – Ал күн жылынып, қар ери бастағанда үш күн сайын өлшейміз. Алынған өлшемдер бойынша сараптама жасап, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, аудан басшылығына мәлімет беріп отырамыз.

Осындай шаралар мұздың ойылып кетіп, адам шығынына соқтыруының алдын алуға көмектеседі. Алайда «мұз берік» деп, 2 тонналық белгі қойылған жерден 6-7 тонналық ауыр көлікпен бірақ тартатындар да аз емес.

Осындай жауапсыздықтың салдарынан көлік суға кетіп, тіпті, адам құрбан болатын жағдайлар да ұшырасып жатады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив