KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Енді Қытайдың жағармайын тұтынатын болдық

3.02.2013, 18:00 292


Қытайдың сапасыз киім-кешегі мен арзанқол дүниесі аз болғандай, биылғы жылдан бастап қазақстандықтар енді Қытайдың жағармайын тұтынуға мәжбүр болады. ҚР Мұнай мен газ министрлігі Қытайдан қазақстандық мұнайдың орнына жағармай алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде коллегияда Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев хабарлама жасады, деп жазады республиканың бұқаралық-ақпарат көздері.

Биыл Қазақстан Қытаймен толлингтік операциялардың көлемін 10 есеге дейін арттыруды көздеп отыр. Министрліктің жоспары бойынша, үстіміздегі жылы еліміз Қытайға 500-600 мың тонна мұнай беріп, орнына жағармай, басқа да мұнай өнімдерін енгізбекші.

Бүгінгі таңда Павлодар мен Шымкент қалаларындағы мұнайды өңдеу зауыттарында 2016 жылға дейін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, Қазақстанның мұнай өнімдері рыногында тапшылық сезіледі. 1,3 миллион тонна мұнай өнімдері Ресейден әкелінді. Сол үшін Қазақстан оларға мұнай шикізатын беруге тиіс. Алайда министрліктегілер ресейліктердің ұсыныстарын тиімсіз санап, басқа әріптестер іздеуге мәжбүр болған. Дегенмен, министрдің айтуынша, Ресейдің жағармайынан мүлде бас тарту әзірге мүмкін емес.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив