KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

"Жас қанат" байқауының іріктеу туры шақырады

30.01.2013, 18:00 188


Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан өтпей қалған«Жас қанат» атты жас орындаушылардың байқауы Өскемен қаласындағы Металлургтердің мәдениет сарайында 2 ақпанда өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Облыстық іріктеуден өткен жас өнерпаздарға 2013 жылдың мамыр айында өтетін республикалық «Жас қанат» байқауына жолдама беріледі.

Ән байқауының шарттары бойынша додаға жастары 30-ға жетпеген жеке орындаушылар да, вокалды ән топтарының әншілері де қатыса алады. Қазылар талқысына екі ән ұсынылуы тиіс.

Репертуарға шектеу қойылмағанымен, әннің өңделуі заман талабына сай болуы керек екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив