Облыстық мәдениет басқармасы алдында Облыстық Достық үйі директорының 2012 жылғы жұмысының қортындысы және 2013 жылға қойылған міндеттері мен жоспары туралы жылдық есебі тыңдалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі басқарманың берген мәліметтеріне сүйеніп.
ШҚО мәдениет басқармасының басшылығы мен облыстық Достық үйінің қызметкерлері, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері алдында Достық үйінің директоры Э.Т. Төлеубеков жыл бойында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Эльдар Төлеубекұлы жыл көлемінде өткізілген шараларға, материалдық-техникалық база бойынша жұмыстың жақсартылуына, штаттық бірлік туралы мәліметтерге тоқталып өтті.
Жиында сонымен бірге Достық үйінің жұмысында кездесетін кейбір өзекті мәселелер талқыланды. Есеп слайд көрсетілімдерімен жүргізіліп отырды.
Облыстық Достық үйінің фойесінде әдістемелік материалдар мен этномәдени бірлестіктердің ұлттық костюмдерінің, сонымен бірге «Черовница» үйірмесінің қолданбалы қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылды.